T’

Сайттарды оюдай құрамын —
әр сызықтың өз ережесі бар.

KK · RU · EN
Next.js · WordPress · Laravel

( 01 )

Жобалар

Нақты жобалар. Нақты міндеттер.

doctoraltynai.kz
Doctor Altynai
01 / Медициналық сайт / 2026

Doctor Altynai

Онлайн кеңес беретін педиатр сайты: қазақ тілі — негізгі, орыс тілі — қосымша. Басты әрекет — WhatsApp-қа жазу.

РөліUX · дизайн · WordPress-әзірлеу

WordPress FSE · Penpot · KK / RU · UXdoctoraltynai.kz ↗
VYRONӘзірленуде
VYRON
02 / Веб-студия сайты / 2026

VYRON

Өз веб-студиямның сайты: тарифтер, қысқа және толық өтінім формалары, Telegram-ға хабарлама.

РөліДизайн · Next.js-әзірлеу

Next.js 16 · TypeScript · KK / RU / ENӘзірленуде
ONEPAGE
ONEPAGE
03 / Студия сайты / 2026

ONEPAGE

Swiss Editorial және Modern Brutalism стиліндегі студия сайты, тариф калькуляторы бар.

Swiss Editorial · Brutalism · RU / KZ—
Doctor Altynai LMSӘзірленуде
Doctor Altynai LMS
04 / Оқу платформасы / 2026

Doctor Altynai LMS

Дәрігер мен студенттерге арналған тәлімгерлік платформа: жеке кабинеттер, курстар, рөлдер.

РөліАрхитектура · Laravel-әзірлеу

Laravel 13 · Livewire 4 · PostgreSQLӘзірленуде
Басқа жұмыстарды сұрау ( 04 ) · Алматы, Қазақстан
( 02 )

Көзқарас

Код пен ою бірдей құрылған: қайталау, және қатаң .

Әдемі сурет көп. Түсінікті жүйе сирек.

Қазақ оюында артық сызық жоқ: әр элемент мағына мен ырғақты ұстап тұр. Интерфейсті де дәл солай жобалаймын.

( 03 )

Мен туралы

Мен Алматыдағы веб-дизайнер және frontend-әзірлеушімін. Лендингтен медициналық платформаға дейін үш тілде сайт жасаймын.

Дизайнды да, кодты да өзім жасаймын: Next.js, TypeScript, React, WordPress, Laravel. Сондықтан макетте көргеніңіз сайтқа жоғалтусыз жетеді.

Бұрын мектепте инженер-бағдарламашы болып істедім, қазір VYRON веб-студиясын дамытып жүрмін. Қазақ тілі мен үшін аударма емес — сайттың негізгі тілі.

3
тіл: қазақ, орыс, ағылшын
1
адам: дизайн мен код бірге
KZ
Алматы · онлайн бүкіл елге
Web DesignFrontendNext.jsWordPressLaravelMotion & 3D
( 04 )

Қалай жұмыс істеймін

  1. ( 01 )

    Бриф

    Міндетті, аудиторияны және сайт тілдерін талқылаймыз. Көлемі мен бағасын келісеміз.

  2. ( 02 )

    Құрылым және дизайн

    Алдымен прототип, кейін Penpot немесе Figma-да дизайн. Кодқа дейін келісеміз.

  3. ( 03 )

    Әзірлеу

    Next.js немесе WordPress, бейімделгіш нұсқа, анимациялар, формалар және аналитика.

  4. ( 04 )

    Іске қосу

    Домен, хостинг, SEO негізі және жылдамдықты тексеру.

( 05 )

Сұрақтар

Бағдар үшін: лендинг — 95 000 ₸-ден, корпоративтік сайт — 175 000 ₸-ден, 3D элементтері бар интерактивті сайт — 245 000 ₸-ден, SaaS MVP — 600 000 ₸-ден. Нақты бағаны бриф бойынша, жұмыс басталмай тұрып айтамын.

Қазақ, орыс және ағылшын. Қазақ нұсқасы орысшадан аударма емес, негізгі нұсқа ретінде жазылады.

Интерактивті сайттар мен веб-қосымшаларға — Next.js және React, клиент мазмұнды өзі өзгерткісі келсе — WordPress, жеке кабинеті бар платформаларға — Laravel.

WhatsApp немесе Telegram-ға қысқаша жазыңыз: бизнесіңіз қандай, қандай беттер керек, логотип пен мәтіндер бар ма. Әрі қарай нақтылау сұрақтарын өзім қоямын.